Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ермұхан Бекмаханов" мектеп-гимназиясы КММ

МЕНЮ

 

WhatsApp Image 2026 02 05 at 19.25.562026 жылы 5-ші ақпан күні үзіліс уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында 9-сынып оқушылары арасында химия пәнінен “Химиялық элементтер әлемі” атты логикалық тапсырмаларға негізделген танымдық ойын өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар химиялық элементтерге қатысты тапсырмалар орындап, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады. Ойын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін бекітуге мүмкіндік берді. Танымдық ойын белсенді әрі қызықты өтті, оқушылар жоғары белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасады. Жауапты жас мамандар: Жанұзақ А.О., Дәнеқұлова А.А.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы КММ»

«Педагог ассистент » 0,5 бірлік (тұрақты ) ресурстық орталық

- Лауазымдық жалақысы: 70000 – 80000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)

- Конкус өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясыі»

- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі, 197 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 8 702 508 7207

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша "Арнаулы білім" жұмыс өтіліне талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби білімі, педагогикалық мамандықтар бойынша, сертификаты болған жағдайда бағыты бойынша біліктілікті арттыру қызметі, бұл ретте үміткер біліктілік санаты педагог. Және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған жағдайда педагогикалық өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл болуға тиіс.

11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Құжаттарды қабылдау:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру

жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» қабылдау бөліміне тел.:3- 18-27

@Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. құжаттарды ұсынуы тиіс. 30.01.2026-10.02.2026ж. сағат 09:00-18:00, 13:00-14:00-үзіліс.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 17.02.2026 жылғы сағат 11:00 - де Ермұхан Бекмаханов атындағы м-г


WhatsApp Image 2026 01 29 at 13.28.02  28.01.2026ж. мектеп-гимназия педагогтарымен «Сабақты талдау мен бағалау жолдары»         тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
 Тренингте сабақты талдау мен бағалау үлгісіне анықтама берілді.
 Қазіргі сабақ қандай болуы қажет? Қалай бүгінгі сабақта дәстүрлі және жаңашыл әдістер ұштасады?-     деген сұрақтарға жауаптар берілді.
 «Сабақта бүкіл құралдалдар мен әдістер қолданылады деп күтуге болмайды. Сабақты абстрактты   талдауға да болмайды»- деген тұжырыммен келісілді.
 «Сабақ талдағанда қандай жағдайларды ескерту қажет?» деген сұраққа келесі аргументтер берілді:
 а) тақырыптың ерекшелігі;
 6) мектептің мүмкіндіктері, кабинеттің, техникалық құралдардың, көрнекі құралдардың бар болуы;
 в) осы сыныптың құрамы, оқушылардың қабіліт және даму деңгейі;
 г) мұғалімнің жеке даралығы, дайындық деңгейі, мінез ерекшеліктері, денсау денсаулық жағдайы,   бұрынғы жұмыстар нәтижелері.
 Сонымен қатар сабақты талқылау формасы, сабақтың сипаттамасы мен сабақты талдау және өзін өзі   талдау формаларына да түсіктемелер берілді.

WhatsApp Image 2026 01 29 at 13.29.32

 

    Оқушылардың үзіліс уақыты қызықты әрі тиімді өтуі үшін 5 сыныптар арасында жас маман Е.Казымова және Д.Мақсұт "60 секундта         шеш" сайысын өткізді. Сайыс математикалық шынжыр, сандарды сәйкестендір, сөз құрастыру кезеңдерінен тұрды. Әр кезеңге бір           минут уақыт беріліп отырды. Білім алушыларға өте қызықты әрі тартысты білімге арнаған үзіліс болды.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ермұхан Бекмаханов" мектеп-гимназиясы КММ