
Оқушылардың үзіліс уақыты қызықты әрі тиімді өтуі үшін 5 сыныптар арасында жас маман Е.Казымова және Д.Мақсұт "60 секундта шеш" сайысын өткізді. Сайыс математикалық шынжыр, сандарды сәйкестендір, сөз құрастыру кезеңдерінен тұрды. Әр кезеңге бір минут уақыт беріліп отырды. Білім алушыларға өте қызықты әрі тартысты білімге арнаған үзіліс болды.


