2026 жылы 5-ші ақпан күні үзіліс уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында 9-сынып оқушылары арасында химия пәнінен “Химиялық элементтер әлемі” атты логикалық тапсырмаларға негізделген танымдық ойын өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар химиялық элементтерге қатысты тапсырмалар орындап, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады. Ойын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін бекітуге мүмкіндік берді. Танымдық ойын белсенді әрі қызықты өтті, оқушылар жоғары белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасады. Жауапты жас мамандар: Жанұзақ А.О., Дәнеқұлова А.А.


