Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ермұхан Бекмаханов" мектеп-гимназиясы КММ
МЕНЮ
2026 жылдың 20 қаңтарында мектеп-гимназия педагогтерін заманауи сабақтың тиімді құралдарының бірі ретінде «EdooX.com» платформасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында платформаның негізгі мүмкіндіктері таныстырылып, оны сабақ барысында тиімді қолдану жолдары кеңінен түсіндірілді. Мұғалімдер EdooX платформасының: ✔️ оқу материалдарын жүйелі ұсынуға;
✔️ тапсырмаларды онлайн және офлайн форматта ұйымдастыруға;
✔️ оқушылардың қызығушылығын арттыруға;
✔️ уақытты үнемдеп, сабақты сапалы жоспарлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Заманауи цифрлық платформаларды қолдану – білім сапасын арттырудың маңызды қадамы. Осындай пайдалы тәжірибелер мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беретіні сөзсіз.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ермұхан Бекмаханов" мектеп-гимназиясы КММ


