
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мақсатында аз қамтылған, көп балалы, қамқоршылықтағы 105 білім алушысы тізімге сәйкес және 1-4 сыныпта 375 білім алушылары да тегін ыстық тамақпен қамтылады.
Бір мезгіл тегін ыстық тамақтың ас мәзірі аудандық білім бөлімінен жыл мезгілдеріне сай жаздық-күздік, қыстық-көктемдік болып жылына екі рет беріліп отырады.


