Мектеп асханасы мен ондағы тамақтардың сақталу жағдайына тексеріп отыр. Мектеп жағдайында азық-түлік өнімдерін сақтау мен олардың қалыпты температурада сақтау жарамдылығы белгіленген талаптарға сай. Күнделікті әзірленген тамақтың сапасын, құрамы мен массасын анықтау мақсатында бракераж жүргізіліп отырады. Соның ішінде тағамның түсі, иісі, дәмі консистенциялық құрамы, қаттылығы мен мерзім балғындығы мен тамақтың температурасы бақыланады. Жобаланған ас мәзірінде тамақ құрамындағы каллориялық құндылығы алдын-ала есептелініп түзетіледі. Күнделікті ас мәзірінде ет, құс өнімі, балық, сүт тағамдары, өсімдік және сұйық майлары мен нан өнімдері, жемістерден тұрады. Ас мәзірі толықтай орындалады.


